https://sputnik.kz/20251208/imanbek-pen-erkebulan-toqtar-memlekettik-marapat-aldy-59445103.html
Иманбек пен Еркебұлан Тоқтар мемлекеттік марапат алды
Иманбек пен Еркебұлан Тоқтар мемлекеттік марапат алды
Sputnik Қазақстан
Аида Балаева Республика күні қарсаңында шетелде болған мәдениет қызметкерлеріне марапатын тапсырды 08.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-08T15:35+0500
2025-12-08T15:35+0500
2025-12-08T15:35+0500
иманбек зейкенов
марапат
аида балаева
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/08/59442232_0:417:1440:1227_1920x0_80_0_0_41a942575fe37e431656624a842bcdc0.jpg
АСТАНА, 8 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан премьер-министрінің орынбасары, мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бірқатар мәдениет қызметкерін марапаттады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан."Мемлекет басшысының жарлығымен Республика күніне орай елдің экономикалық және қоғамдық өмірінің түрлі салаларын дамытуға елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтар марапатталды. Олардың кейбірі марапат табысталар сәтте елімізден тыс жерде болғандықтан, наградаларын уақытында ала алмады", - деп жазды вице-премьер әлеуметтік желідегі парақшасында."Құрмет" орденімен Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы жанындағы Съездің бастамаларын іске асыру департаментінің бұрынғы басшысы Қарлығаш Қалилаханова және "Грэмми" жүлдесін алған тұңғыш қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов марапатталды.Ал Еркебұлан Тоқтар "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағына ие болды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/08/59442232_0:383:1440:1463_1920x0_80_0_0_5ed1a821fc583b80d0dd0aa89bded42f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
иманбек зейкенов, марапат, аида балаева
иманбек зейкенов, марапат, аида балаева
Иманбек пен Еркебұлан Тоқтар мемлекеттік марапат алды
Аида Балаева Республика күні қарсаңында шетелде болған мәдениет қызметкерлеріне марапатын тапсырды
АСТАНА, 8 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан премьер-министрінің орынбасары, мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бірқатар мәдениет қызметкерін марапаттады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Республика күніне орай елдің экономикалық және қоғамдық өмірінің түрлі салаларын дамытуға елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтар марапатталды. Олардың кейбірі марапат табысталар сәтте елімізден тыс жерде болғандықтан, наградаларын уақытында ала алмады", - деп жазды вице-премьер әлеуметтік желідегі парақшасында.
"Құрмет" орденімен Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы жанындағы Съездің бастамаларын іске асыру департаментінің бұрынғы басшысы Қарлығаш Қалилаханова және "Грэмми" жүлдесін алған тұңғыш қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов марапатталды.
Ал Еркебұлан Тоқтар "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағына ие болды.