Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

ЕО Украинаны одаққа қабылдап, Ресеймен қақтығыс бастағысы келеді - Орбан

Ұйымға мүше бір мемлекеттің аумағындағы қақтығыс басқа елдерді сол қақтығысқа қосылуға міндеттейді
Sputnik
АСТАНА, 8 желтоқсан - Sputnik. Еуропалық Одақ Украинаны 2030 жылға қарай қабылдауды жоспарлап отыр, деді Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан, деп хабарлады РИА Новости.
"Еуропаның үстіне қара бұлт төніп жатыр. Брюссель Ресеймен соғысқа дайындалып жатыр және оның соғысқа кірісетін мерзімі 2030 жыл. Брюссель жариялаған қару-жарақ бағдарламасының мақсаты - Одақты 2030 жылға қарай соғысқа дайындау. Сонымен қатар 2030 жылы Украина Еуроодаққа жеделдетілген рәсіммен кіреді деп көзделіп", - деп жазды Орбан әлеуметтік желәде.
Венгрия премьер-министрі Еуроодақтың құрылу туралы келісіміне сәйкес, ұйымға мүше бір мемлекеттің аумағындағы қақтығыс басқа елдерді сол қақтығысқа қосылуға міндеттейтінін еске салды.
"Сондықтан, соғысып жатқан Украинаны Еуроодаққа қабылдау соғысқа дереу кірісуге әкеледі", - деді ол.
Оның айтуынша, венгрлерде 2026 жылғы парламент сайлауында қақтығысқа араласпау саясатын таңдауға және қолдауға әлі де мүмкіндік бар. Себебі 2030 жылғы келесі сайлауда мұны істеу кеш болады.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Орбан Трампқа Украинадағы келісім бойынша көмек ұсынды