https://sputnik.kz/20251208/eo-ukrainany-odaqqa-qabyldap-reseymen-qaqtygys-bastagysy-keledi---orban-59441436.html
ЕО Украинаны одаққа қабылдап, Ресеймен қақтығыс бастағысы келеді - Орбан
ЕО Украинаны одаққа қабылдап, Ресеймен қақтығыс бастағысы келеді - Орбан
Sputnik Қазақстан
Ұйымға мүше бір мемлекеттің аумағындағы қақтығыс басқа елдерді сол қақтығысқа қосылуға міндеттейді 08.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-08T13:37+0500
2025-12-08T13:37+0500
2025-12-08T13:37+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/08/58561314_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_4de26631ac876c1079a044b01a11a384.jpg
АСТАНА, 8 желтоқсан - Sputnik. Еуропалық Одақ Украинаны 2030 жылға қарай қабылдауды жоспарлап отыр, деді Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан, деп хабарлады РИА Новости.Венгрия премьер-министрі Еуроодақтың құрылу туралы келісіміне сәйкес, ұйымға мүше бір мемлекеттің аумағындағы қақтығыс басқа елдерді сол қақтығысқа қосылуға міндеттейтінін еске салды."Сондықтан, соғысып жатқан Украинаны Еуроодаққа қабылдау соғысқа дереу кірісуге әкеледі", - деді ол.Оның айтуынша, венгрлерде 2026 жылғы парламент сайлауында қақтығысқа араласпау саясатын таңдауға және қолдауға әлі де мүмкіндік бар. Себебі 2030 жылғы келесі сайлауда мұны істеу кеш болады.
https://sputnik.kz/20251108/orban-trampqa-ukrainadagy-kelisim-boyynsha-komek-usyndy-58558761.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/08/58561314_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_b724f0d59a54d14c4dc1077c8acf9afa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ЕО Украинаны одаққа қабылдап, Ресеймен қақтығыс бастағысы келеді - Орбан
Ұйымға мүше бір мемлекеттің аумағындағы қақтығыс басқа елдерді сол қақтығысқа қосылуға міндеттейді
АСТАНА, 8 желтоқсан - Sputnik. Еуропалық Одақ Украинаны 2030 жылға қарай қабылдауды жоспарлап отыр, деді Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан, деп хабарлады
РИА Новости.
"Еуропаның үстіне қара бұлт төніп жатыр. Брюссель Ресеймен соғысқа дайындалып жатыр және оның соғысқа кірісетін мерзімі 2030 жыл. Брюссель жариялаған қару-жарақ бағдарламасының мақсаты - Одақты 2030 жылға қарай соғысқа дайындау. Сонымен қатар 2030 жылы Украина Еуроодаққа жеделдетілген рәсіммен кіреді деп көзделіп", - деп жазды Орбан әлеуметтік желәде.
Венгрия премьер-министрі Еуроодақтың құрылу туралы келісіміне сәйкес, ұйымға мүше бір мемлекеттің аумағындағы қақтығыс басқа елдерді сол қақтығысқа қосылуға міндеттейтінін еске салды.
"Сондықтан, соғысып жатқан Украинаны Еуроодаққа қабылдау соғысқа дереу кірісуге әкеледі", - деді ол.
Оның айтуынша, венгрлерде 2026 жылғы парламент сайлауында қақтығысқа араласпау саясатын таңдауға және қолдауға әлі де мүмкіндік бар. Себебі 2030 жылғы келесі сайлауда мұны істеу кеш болады.