Биылғы үш тоқсанда қанша адам аты-жөнін өзгерткені белгілі болды

Бұл қызметті Алматы тұрғындары ең көп қолданған
Sputnik
АСТАНА, 8 желтоқсан – Sputnik. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы 2025 жылдың қаңтар-қыркүйегі аралығында қанша қазақстандық аты-жөнін өзгерткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"2025 жылдың үш тоқсаны бойынша 14 мыңнан астам қазақстандық өз тегін, атын немесе әкесінің атын өзгертті", - деп жазылған хабарламада.
Төменде бұл қызметті қай өңірлердің тұрғындары жиі қолданылғаны көрсетілген:
Алматы – 2981 адам;
Астана – 2459;
Қарағанды облысы – 849;
Ақтөбе облысы – 741;
Шығыс Қазақстан облысы – 673.
Енді өтінімнің орындалу барысын "ЦОН" қосымшасы арқылы көруге болады