https://sputnik.kz/20251107/endi-otinimnin-oryndalu-barysyn-tson-qosymshasy-arqyly-koruge-bolady-58496454.html
Енді өтінімнің орындалу барысын "ЦОН" қосымшасы арқылы көруге болады
Енді өтінімнің орындалу барысын "ЦОН" қосымшасы арқылы көруге болады
Sputnik Қазақстан
Қосымшада сонымен бірге электронды қолхаттарды сақтау және көру мүмкіндігі іске қосылды 07.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-07T08:39+0500
2025-11-07T08:39+0500
2025-11-07T08:39+0500
хқко
мобильдік қосымша
жаңашылдық
жаңа технологиялар
https://sputnik.kz/img/440/55/4405545_0:100:1921:1180_1920x0_80_0_0_512f56384a390d33e6fa1600b1dd09bb.jpg
АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы "ЦОН" мобильді қосымшасына жаңа функция қосты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Енді азаматтар мемлекеттік қызметке берген өтінімнің мәртебесін нақты уақыт режимінде көре алады.Бұл жаңашылдық қызмет көрсету процесін барынша ашық етіп, азаматтарға өтінімнің қай сатыда тұрғанын және нәтижені қашан алуға болатынын нақты білуге мүмкіндік береді. Ең бастысы енді өтінім мәртебесін білу үшін ХҚКО-ға барудың қажеті жоқ.Әр қолданушы өз өтінімінің қаралу кезеңін көріп, кез келген өзгеріс туралы жедел хабардар бола алады.Қосымшада сонымен бірге электронды қолхаттарды сақтау және көру мүмкіндігі іске қосылған. Бұл қолхат – өтінімнің қабылданғанын немесе қызметтің көрсетілгенін растайтын ресми құжат. Ол автоматты түрде "Тапсырыс тарихы" бөлімінде сақталады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/440/55/4405545_106:0:1813:1280_1920x0_80_0_0_fe18e064bf9eb935f2d3d8fe55246177.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
хқко, мобильдік қосымша, жаңашылдық, жаңа технологиялар
хқко, мобильдік қосымша, жаңашылдық, жаңа технологиялар
Енді өтінімнің орындалу барысын "ЦОН" қосымшасы арқылы көруге болады
Қосымшада сонымен бірге электронды қолхаттарды сақтау және көру мүмкіндігі іске қосылды
АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы "ЦОН" мобильді қосымшасына жаңа функция қосты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Енді азаматтар мемлекеттік қызметке берген өтінімнің мәртебесін нақты уақыт режимінде көре алады.
"Өтінім мәртебесін көру үшін қолданушы қосымшадағы "ХҚКО қызметтері" немесе "Арнайы ХҚКО қызметтері" бөлімін таңдап, өтінім нөмірін енгізуі керек", - деп жазылған хабарламада.
Бұл жаңашылдық қызмет көрсету процесін барынша ашық етіп, азаматтарға өтінімнің қай сатыда тұрғанын және нәтижені қашан алуға болатынын нақты білуге мүмкіндік береді. Ең бастысы енді өтінім мәртебесін білу үшін ХҚКО-ға барудың қажеті жоқ.
Әр қолданушы өз өтінімінің қаралу кезеңін көріп, кез келген өзгеріс туралы жедел хабардар бола алады.
"Өтінім мәртебесін бақылау жүйесін енгізу – мемлекеттік қызметтерді жаңғыртудың маңызды қадамы. Бұл шешім ашықтықты арттырып, халыққа қызмет көрсетудің қолайлылығын күшейтеді", – деді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.
Қосымшада сонымен бірге электронды қолхаттарды сақтау және көру мүмкіндігі іске қосылған. Бұл қолхат – өтінімнің қабылданғанын немесе қызметтің көрсетілгенін растайтын ресми құжат. Ол автоматты түрде "Тапсырыс тарихы" бөлімінде сақталады.