АСТАНА, 7 желтоқсан – Sputnik. АҚШ президентінің арнайы өкілі Кит Келлогг Вашингтон Украинаға әскер жібермейтінін мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.
АҚШ-тың бұрынғы және қазіргі әкімшіліктері Украинада АҚШ әскери күштерінің болмайтындығы туралы ұстанымды үнемі сақтап келеді. Президент Дональд Трамп пен оның командасының мүшелері мұны бірнеше рет мәлімдеді.
"Біз әскер жібермейміз", - деді Келлог Калифорниядағы Рональд Рейган атындағы ұлттық қорғаныс форумында. Ол Украинадағы қақтығысты тоқтату үшін Ресейге қысым жасау туралы сұраққа жауап берген болатын.
Ол мұндай қысым жасаудың қолжетімді құралдары ретінде экономикалық шараларды, ең алдымен "көлеңкелі флотқа" қарсы шараларды айтты.
Бұған дейін Кит Келлог Украина дағдарысын шешу аясында Запорожье АЭС мен ДХР-дың кімге тиесілі болатынына қатысты мәселелер басты тақырып болып отырғанын, ал оларды шешкен жағдайда "қалғаны жылдам реттелетінін" мәлімдеген.