Ақтөбеде жол апатынан екі адам көз жұмды

Тағы үш адам ауруханаға жеткізілді
Sputnik
АСТАНА, 6 желтоқсан – Sputnik. Ақтөбе қаласында Әлия Молдағұлова мен Тургенев көшелерінің қиылысындағы көпірде үш автокөлік жол апатына түсті
Алдын ала мәліметтер бойынша, қайғылы оқиға 5 желтоқсан күні сағат 22:00-де болған.
Lexus маркалы автокөлігінің жүргізушісі Subaru көлігімен соқтығысқан.
Соққыдан кейін Subaru көлігі сол бағытта келе жатқан Chevrolet Cobalt автокөлігіне қайта соғылған.
Жол апаты салдарынан Subaru автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.
Тағы үш адам ауруханаға жеткізілді.
Тергеу жүріп жатыр. Полиция оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтап жатқанын мәлімдеді.
Алматы облысында жол апатынан жеті адам көз жұмды