АСТАНА, 5 желтоқсан - Sputnik. Қазақстандық педагог Ольга Акпарова "Шетелдегі үздік орыс мектебі" байқауының лауреаты атанды.
Абай облысындағы ауыл мектебінің ұстазы Ольга Акпарова орыс тілі пәнінің мұғалімі. Ол "Ұлттық мектептің үздік педагогы" номинациясын жеңіп алды.
"Бұл жай ғана байқау емес, бұл өз тәжірибеңіз туралы айтуға, әдістемелік әзірлемелеріңізбен бөлісуге, орыс тілі мен орыс мәдениетіне деген сүйіспеншілікті білдіруге деген мүмкіндік", - деді ол Sputnik Қазақстанға.
Мәскеуде мерейтойлық "Шетелдегі үздік орыс мектебі" V байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Байқауға әлемнің 36 елінен мыңнан астам үміткер қатысты.