Қазақстандық әйел Ресейде "Сән достастығы" сыйлығын жеңіп алды
08:29 21.11.2025 (жаңартылды: 09:08 21.11.2025)
Жазылу
ТМД дизайнерлері мен парламент өкілдері Санкт-Петербургтегі сән форумына жиналды
АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. Ресейде "Сән достастығы" форумы өтіп жатыр, деп хабарлады РФ Федерация кеңесі.
Санкт-Петербургте жеңіл өнеркәсіп, креатив индустриясы өкілдері мен ТМД мемлекеттерінің парламент мүшелері бас қосты. ТМД Парламентаралық ассамблеясы кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенконың айтуынша, 2025 жылғы форум Достастық аумағын қамтып қана қоймай, Еуразия шекарасынан шығып отыр.
"Сән әлемі шынымен көпполярлы бола бастады. Форум алаңында айтылғандай, батыс брендтерінің монополиясы өткен шаққа айналып барады. Бұл айқын көрініп тұр. Ал ТМД, Азия, Африка, Таяу Шығыс, Латын Америкасы елдерінің дизайнерлері мен кәсіпорындары үшін керісінше жаңа мүмкіндіктер ашылып отыр. Осындай жағдайда сіздерге – жеңіл және тоқыма өнеркәсібі, сән, креативті индустрия өкілдеріне өзара қарым-қатынас жасап, идеяларды, тәжірибені, жаңа тәсілдерді бөлісу өте маңызды", – деді Валентина Матвиенко.
Ол форумның басты мақсаты халықаралық диалог орнату және үлкен, біртұтас кәсіби қауымдастық құру екенін атап өтті. 2025 жылдың жаңалығы білім беру акселераторының іске қосылуы және "Сән достастығы" сыйлығының тағайындалуы болды.
Форумның басты ерекшелігі елдеріміздің ұлттық және мәдени кодына, дәстүрлі құндылықтарға бетбұрыс жасауға ерекше назар аударуы болды, деп атап өтті Федерация кеңесінің төрағасы.
"Қазір біреуге еліктеу емес, керісінше, дәстүрлі сұлулық канондары, ұлттық киім элементтері, материалдық емес мәдени мұра негізінде өзіндік, дара образдар жасау сәнге айналды. Мұны мен "сән егемендігі" деп атар едім. Біз өзіміз өндірген киім, аяқ киім, аксессуарларды халықтың ықыласпен сатып алып жатқанын көріп отырмыз", – деді Валентина Матвиенко.
Форум барысында "Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін" номинациясы бойынша "Сән достастығы" премиясы табысталды.

IV Халықаралық "Сән достастығы" форумы

IV Халықаралық "Сән достастығы" форумы

IV Халықаралық "Сән достастығы" форумы

IV Халықаралық "Сән достастығы" форумы

IV Халықаралық "Сән достастығы" форумы

IV Халықаралық "Сән достастығы" форумы

IV Халықаралық "Сән достастығы" форумы

IV Халықаралық "Сән достастығы" форумы
IV Халықаралық "Сән достастығы" форумы
IV Халықаралық "Сән достастығы" форумы
IV Халықаралық "Сән достастығы" форумы
IV Халықаралық "Сән достастығы" форумы
IV Халықаралық "Сән достастығы" форумы
IV Халықаралық "Сән достастығы" форумы
IV Халықаралық "Сән достастығы" форумы
IV Халықаралық "Сән достастығы" форумы
Қазақстан Республикасы Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының вице-президенті Инна Апенко, Орталық Азия Дизайнерлер Одағының төрағасы Камола Гулямова, Fashion Group TZ және Tajikistan Fashion Week негізін қалаушы Тохир Ибрагимов лауреат атанды.



