АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткоффпен және АҚШ басшысының күйеу баласы Джаред Кушнермен кездесуінде АҚШ-тың Украинаға қатысты ұсыныстарында Мәскеу келіспейтін мәселелер болғанын және тараптар оларды талқылағанын айтты.
"Иә, ондай сұрақтар болды және біз оларды талқыладық", - деді Путин India Today басылымына берген сұхбатында.
2 желтоқсанда Путин Уиткофф пен Кушнерді Кремльде қабылдады. Ресей тарапынан президенттің көмекшісі Юрий Ушаков пен президенттің шетелдермен инвестициялық және экономикалық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі және Ресей тікелей инвестициялар қорының бас директоры Кирилл Дмитриев қатысты.