АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Шанхай ынтымақтастық ұйымының хатшылығы Тәжікстан Республикасының шекаралас аймақтарындағы қарулы шабуылдарға қатысты мәлімдеме жасады.
"Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) 2025 жылдың 26 және 30 қарашасында Тәжікстан Республикасының шекаралас аймақтарында Ауғанстаннан шыққан қылмыстық топтардың адам шығынына және инфрақұрылымның қирауына әкелген қарулы шабуылдарын қатаң айыптайды", - делінген мәлімдемеде.
Ұйым қайтыс болғандардың отбасыларына көңіл айтты.
"ШЫҰ Тәжікстан мен Ауғанстанның шекаралас аймақтарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өзара тиімді ынтымақтастық пен тұрақтылық атмосферасын құру бойынша Тәжікстан Республикасының үздіксіз күш-жігерін қолдайды", - деп хабарлады ұйым.
Сонымен қатар, ШЫҰ Ауғанстан аумағын көршілес елдер мен Орталық Азияның қауіпсіздігіне қатер төндіру үшін пайдалануға болмайды деп санайтынын жеткізді.