ШЫҰ Тәжікстан шекарасында жасалған қарулы шабуылдарды айыптады

© Sputnik / Абзал КалиевШЫҰ нышаны
ШЫҰ нышаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.12.2025
Жазылу
Ұйым Ауғанстан аумағын көршілес елдер мен Орталық Азияның қауіпсіздігіне қатер төндіру үшін пайдалануға болмайды деп санайды
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Шанхай ынтымақтастық ұйымының хатшылығы Тәжікстан Республикасының шекаралас аймақтарындағы қарулы шабуылдарға қатысты мәлімдеме жасады.
"Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) 2025 жылдың 26 ​​және 30 қарашасында Тәжікстан Республикасының шекаралас аймақтарында Ауғанстаннан шыққан қылмыстық топтардың адам шығынына және инфрақұрылымның қирауына әкелген қарулы шабуылдарын қатаң айыптайды", - делінген мәлімдемеде.
Ұйым қайтыс болғандардың отбасыларына көңіл айтты.
"ШЫҰ Тәжікстан мен Ауғанстанның шекаралас аймақтарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өзара тиімді ынтымақтастық пен тұрақтылық атмосферасын құру бойынша Тәжікстан Республикасының үздіксіз күш-жігерін қолдайды", - деп хабарлады ұйым.
Сонымен қатар, ШЫҰ Ауғанстан аумағын көршілес елдер мен Орталық Азияның қауіпсіздігіне қатер төндіру үшін пайдалануға болмайды деп санайтынын жеткізді.
ШЫҰ - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.11.2025
ШЫҰ елдері 2026-2030 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары бойынша келісті
Жаңалықтар
0