АЛМАТЫ, 3 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда 6784 сынып қашықтықтан оқып жатыр, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігі.
Дәл кешегі күнгі қорытынды бойынша республикада 13 өңірде оқушылар қашықтан оқуға жіберілген. Яғни 663 мектепте 6784 сынып оқушыларын ұстаздар онлайн оқытып жатыр.
Бұл жолғы қортынды бойынша Қостанай облысы көш бастап тұр, 167 мектепте 2727 сынып оқушысы қашықтыққа ауысты.
Солтүсік Қазақстан облысында – 64 мектепте 247 сынып,
Ұлытау облысында – 15 мектепте 93 сынып,
Ақмола облысында – 58 мектепте 268 сынып,
Батыс Қазақстан облысында – 3 мектепте 6 сынып,
Жамбыл облысында – 20 мектепте 986 сынып,
Астанада – мектепте 46 мектепте 462 сынып,
ШҚО-да – 119 мектепте 1034 сынып,
Абай облысында – 48 мектепте 299 сынып,
Қарағанды облысында – 47 мектепте 260 сынып,
Атырау облысы – 18 мектепте 94 сынып,
Павлодар облысында – 57 мектепте 307 сынып.
Маңғыстау облысында 1 мектепте 1 сынып қашықтықтан оқуға көшкен.