Тұмау күшейді: қай жерде бетперде кию міндетті

© Sputnik / Абзал КалиевГамма-нож
Гамма-нож - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.11.2025
Жазылу
Ауырып қалған адамдардың үйде отырғаны жөн
АСТАНА, 26 қараша – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі қай жерде бетперде кию міндетті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Қазіргі кезде маскалық режим денсаулық сақтау ұйымдарында енгізілді. Міндетті түрде бетперде кию керек", - деді вице-министр Тимур Сұлтанғазиев журналистерге берген сұхбатында.
Оның айтуынша, басқа жерлерде бетперде кию міндетті емес. Бірақ тұмау күшейіп тұрғанда бетперде киюге кеңес беріледі.
"Ауырып қалған адамдардың үйде отырғаны жөн. Ал созылмалы ауруы бар және егде жастағы адамдар далаға шықса, бетперде кию керек. Соның арқасында аурудың таралуына жол бермейміз", - деп атап өтті вице-министр.
Кабинеттегі парталар - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.11.2025
Қазақстанда 1,5 мыңға жуық сынып қашықтан оқуға көшірілді
Жаңалықтар
0