АСТАНА, 1 желтоқсан - Sputnik. Түркістан облысы Алғабас ауылында өрттен зардап шеккен тағы бір бала қайтыс болды, деп хабарлайды Sutnik Қазақстан тілшісі.
Жетісай ауданында болған өрт салдарынан өте ауыр жағдайда жеткізілген 2018 жылғы науқас 30 қарашада көз жұмды.
"Көрсетілген интенсивті терапияға, бейінді мамандардың, соның ішінде республикалық санитарлық авиация мамандарының кеңестеріне, реанимациялық және дезинтоксикациялық шаралардың толық кешеніне қарамастан, орталық жүйке жүйесінің ауыр зақымынан пациентті аман алып қалу мүмкін болмады", - дейді денсаулық сақтау министрлігіндегілер.
Еске сала кетейік, 18 қарашада сағат 05.36-да Түркістан облысы Жетісай ауданының Алғабас ауылында жеке тұрғын үйден өрт шықты. Екі қабатты үй толығымен өртке оранып, шатыры ішінара опырылған. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің күш-құралдары дереу жіберілді, өрт сағат 07.22-де сөнірілді.
Өкінішке қарай, өрт орнында 12 адам қаза тапты, олардың 9-ы бала. 3 адам зардап шекті, олар қазір Жетісай аудандық орталық ауруханасына, кейіннен екі науқас Шымкенттегі гипербариялық орталыққа санавиациямен жеткізілді.