Түркістан облысында өрттен 12 адам көз жұмды

© Sputnik/Ертай СарбасовВ Алматы проходит семинар по вопросам предупреждения и ликвидации пожаров с участием МЧС России и Беларуси
В Алматы проходит семинар по вопросам предупреждения и ликвидации пожаров с участием МЧС России и Беларуси - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.11.2025
Жазылу
АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. Түркістан облысының Жетісай ауданында жеке үйде болған өрттің салдарынан 12 адам қаза тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше бүгін таңертең Жетісай ауданының Алғабас ауылындағы екі қабатты жеке үйде өрт шыққаны туралы қоңырау түскен.
Өрт сөндіру бөлімі келгеннен кейін үйдің толығымен жалынға оранғанын анықтады.

"Өртті барлау және сөндіру кезінде үйден ес-түссіз жатқан үш адам эвакуацияланып, жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. Он екі адам, оның ішінде 9 бала өлі табылды", - деп жазылған ТЖД таратқан хабарламада.

Көршілерінің айтуынша, үйде қонақтар болған. 360 шаршы метр аумақты шарпыған өрт толығымен сөндірілді.
Барлық төтенше жағдайлар қызметі оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Тергеу басталды, өрттің себебі анықталып жатыр.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты.
"Үкімет пен Түркістан облысының әкіміне зардап шеккен азаматтардың туған-туыстарына барлық қажетті көмек көрсетіп, қайғылы оқиғаны жан-жақты тексеруді тапсырды", - деп жазылған Ақорданың хабарламасында.
Пожарная машина  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.11.2025
Алматыдағы балалар үйінен өрт шықты
Жаңалықтар
0