АЛМАТЫ, 30 қараша – Sputnik. Қытайдың арнайы әкімшілік ауданы (САР) Гонконгтағы тұрғын үй кешенінде болған өрттен қаза тапқандар саны 146-ға жетті, деп хабарлады қала полициясы.
"Жергілікті уақыт бойынша сағат 16:00-ге (Астана уақытымен 13:00) Wang Fuk Court тұрғын үй кешеніндегі өрт 146 адамның өмірін қиып кетті", — делінген хабарламада.
Кейінгі 17 жылдағы ең жойқын өрт 26 қарашада Wang Fuk Court тұрғын үй кешеніндегі биік ғимараттарды күл-талқан етті. South China Morning Post газетінің мәліметінше өрт тұрғын үй кешенін жаңарту жоспарына сәйкес ғимараттарды қоршап тұрған бамбук қалқандарынан басталып, таралған. Өрт тұрғын үй кешенінің бірінші ғимаратынан басталып, кейін тағы үш ғимаратқа жайылды.