Гонконгтағы өрттен қаза тапқандар саны 146 адамға жетті

© AP Photo / Chan Long HeiПоследствия пожара в жилом комплексе "Ван Фук Корт" в Гонконге
Последствия пожара в жилом комплексе Ван Фук Корт в Гонконге - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.11.2025
Жазылу
26 қарашада Гонконгтағы Wang Fuk Court тұрғын үй кешенінде кейінгі 17 жылдағы ең ірі өрт болды
АЛМАТЫ, 30 қараша – Sputnik. Қытайдың арнайы әкімшілік ауданы (САР) Гонконгтағы тұрғын үй кешенінде болған өрттен қаза тапқандар саны 146-ға жетті, деп хабарлады қала полициясы.
"Жергілікті уақыт бойынша сағат 16:00-ге (Астана уақытымен 13:00) Wang Fuk Court тұрғын үй кешеніндегі өрт 146 адамның өмірін қиып кетті", — делінген хабарламада.
Кейінгі 17 жылдағы ең жойқын өрт 26 қарашада Wang Fuk Court тұрғын үй кешеніндегі биік ғимараттарды күл-талқан етті. South China Morning Post газетінің мәліметінше өрт тұрғын үй кешенін жаңарту жоспарына сәйкес ғимараттарды қоршап тұрған бамбук қалқандарынан басталып, таралған. Өрт тұрғын үй кешенінің бірінші ғимаратынан басталып, кейін тағы үш ғимаратқа жайылды.
Гонконгтағы өрт - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.11.2025
Тоқаев Гонконгтағы өртке байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты
Жаңалықтар
0