Петропавлдағы қазақ мектебінде шу шықты - облыс әкімі тапсырма берді

Облыстағы барлық мектептегі тамақтануды ұйымдастыруға қатысты келісімшарттар тексеріледі
Sputnik
АСТАНА, 29 қараша – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Петропавлдағы қазақ мектеп-гимназиясында орын алған жағдайды жеке бақылауына алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұған дейін Абай атындағы мектеп-гимназиясының асханасына қатысты арыз-шағымдар жиі айтыла бастады. Ата-аналар тамақтың ішінде жәндік шыққанын, тіпті, бірнеше оқушының ауырып қалғанын мәлімдеді.
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхаметов жедел шаралар қабылдауды тапсырды. Атап айтқанда, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өңірдегі барлық білім беру ұйымдарының мектеп асханаларында кешенді тексеруді жүргізуге міндеттелді.
Ал облыстық білім басқармасы мектеп директорының кәсіби құзыреттілігін тексеріп, білім беру мекемесін басқару сапасына баға береді.
Бұдан бөлек, облыстағы барлық мектептегі тамақтануды ұйымдастыруға қатысты келісімшарттар тексеріледі.
Тойхананы жеке меншік мектепке айналдырғандардың әрекеті әшкере болды