Жеңістің 80 жылдығы

Шымкентте Ұлы Отан соғысының соңғы ардагері қайтыс болды

Мұратәлі Төлепбергенұлы Брест пен басқа да қалаларды азат етуге қатысты.
Sputnik
АСТАНА, 28 қараша – Sputnik. Шымкентте Ұлы Отан соғысының соңғы ардагері Төлепбергенұлы Мұратәлі қайтыс болды, деп хабарлады жергілікті телеарна.
Ардагер 100 жасқа толған болатын.
Мұратәлі Төлепбергенұлының ауқымды әскери мансабы болған. Ол Брест қаласын азат етуге қатысып, Украинада, Польшада шайқасып, Германияға жеткен.
Батылдығы мен ерлігі үшін ол ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен және "Ерлігі үшін", "Варшаваны азат еткені үшін" және "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін" медальдарымен марапатталды.
Қазақстанда небәрі 96 соғыс ардагері қалды