Великая Отечественная война 1941-1945. Сталинградская битва - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2025
Жеңістің 80 жылдығы
2025 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл толады. Осыған байланысты ТМД елдерінде 2025 жыл "Жеңістің 80 жылдығы және нацизмге қарсы күрестегі бірлік жылы" деп жарияланды.

Шымкентте Ұлы Отан соғысының соңғы ардагері қайтыс болды

© Photo : Телеканал OTYRARШымкентте ҰОС соңғы ардагері қайтыс болды
Шымкентте ҰОС соңғы ардагері қайтыс болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.11.2025
Жазылу
Мұратәлі Төлепбергенұлы Брест пен басқа да қалаларды азат етуге қатысты.
АСТАНА, 28 қараша – Sputnik. Шымкентте Ұлы Отан соғысының соңғы ардагері Төлепбергенұлы Мұратәлі қайтыс болды, деп хабарлады жергілікті телеарна.
Ардагер 100 жасқа толған болатын.
Мұратәлі Төлепбергенұлының ауқымды әскери мансабы болған. Ол Брест қаласын азат етуге қатысып, Украинада, Польшада шайқасып, Германияға жеткен.
Батылдығы мен ерлігі үшін ол ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен және "Ерлігі үшін", "Варшаваны азат еткені үшін" және "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін" медальдарымен марапатталды.
Ветерана войны Илью Кудина поздравили с днем рождения в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.07.2025
Қазақстанда небәрі 96 соғыс ардагері қалды
Жаңалықтар
0