АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысының қорытындысы бойынша мемлекет басшылары ҰҚШҰ-ның жоғары органының декларациясына қол қойды, деп хабарлады ұйым.
Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан көшбасшылары ұйымға мүше елдердің ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты ағымдағы мәселелерді қарастырды, ҰҚШҰ-ның 2025 жылғы негізгі жұмыс бағыттарын іске асыруды қорытындылады және алдағы кезеңге арналған басымдықтарды анықтады.
Отырыс барысында Қырғыз Республикасының өкілі Таалатбек Масадыковты 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап үш жыл мерзімге ҰҚШҰ Бас хатшысы етіп тағайындау туралы шешім қабылданды.
Сонымен қатар, мемлекет басшылары ұжымдық қауіпсіздік жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған басқа да құжаттарға қол қойды.