https://sputnik.kz/20251127/qazaqstandagy-oqigalar-uqshu-tez-areket-ete-alatynyn-korsetti---belarus-qorganys-ministri-59162903.html
Қазақстандағы оқиғалар ҰҚШҰ тез әрекет ете алатынын көрсетті - Беларусь қорғаныс министрі
Қазақстандағы оқиғалар ҰҚШҰ тез әрекет ете алатынын көрсетті - Беларусь қорғаныс министрі
Sputnik Қазақстан
ҰҚШҰ шекараларындағы қақтығыстар мен шиеленіс ошақтарын қоса алғанда, қазіргі халықаралық жағдай кеше ғана қалыптаспағанын ұйымдағылар жақсы түсінеді 27.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-27T14:05+0500
2025-11-27T14:05+0500
2025-11-27T14:08+0500
бішкек
қырғызстан
ұқшұ
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/1b/59160860_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_38dfb08210ba8aafa2f3c0876a2a952d.jpg
АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Беларусь қорғаныс министрі Виктор Хренин 2022 жылдың қаңтарында Қазақстанда болған оқиғалар кезінде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы серіктестерінің әрекеттерін ҰҚШҰ өзектілігінің мысалы ретінде келтірді.Хренин географиялық орналасуына қарамастан, бұл қауіптер бір-біріне ұқсас екенін айтты."Бүгінде әскери ведомстволар арасындағы өзара іс-әрекеттің нәтижесінде бұл қауіптердің қайдан шығатыны, олармен қалай күресу керек және оларды азайту үшін қандай шаралар қабылдау қажеттігі туралы толық өзара түсіністік бар. Сондықтан біз осында кездесіп отырмыз", - деді ол.Хрениннің айтуынша, ҰҚШҰ қорғаныс министрлері болашақ жоспарлар туралы күні кеше ғана келісті.Беларусь қорғаныс министрі ҰҚШҰ елдерінің ұйымның батыс шекараларындағы милитаризацияға реакциясы туралы айта келе, мұның "себебі бар" екенін мәлімдеді.Министр Ресей мен Беларусь серіктестері "әрине, белгілі бір алаңдаушылық білдіріп жатқанын" және олардың "нақты түсіністігі мен ынтымақтастығы бар екенін" айтты.
https://sputnik.kz/20251127/putin-reseydin-uqshu-ga-2026-zhyly-toragalygy-kezindegi-urany-qanday-bolatynyn-aytty-59161382.html
бішкек
қырғызстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/1b/59160860_35:0:1280:934_1920x0_80_0_0_39b6563294b7a85f28e5bea3eab8126f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бішкек, қырғызстан, ұқшұ
Қазақстандағы оқиғалар ҰҚШҰ тез әрекет ете алатынын көрсетті - Беларусь қорғаныс министрі
14:05 27.11.2025 (жаңартылды: 14:08 27.11.2025) ҰҚШҰ шекараларындағы қақтығыстар мен шиеленіс ошақтарын қоса алғанда, қазіргі халықаралық жағдай кеше ғана қалыптаспағанын ұйымдағылар жақсы түсінеді
АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Беларусь қорғаныс министрі Виктор Хренин 2022 жылдың қаңтарында Қазақстанда болған оқиғалар кезінде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы серіктестерінің әрекеттерін ҰҚШҰ өзектілігінің мысалы ретінде келтірді.
"2022 жылы Қазақстанда болған оқиғалар елді іштен жоюға бағытталған осындай күрделі сынақтарға қатысты біздің тез әрекет ете алатынымызды көрсетті", - деді ол Бішкектегі ҰҚШҰ саммитінің аясында.
Хренин географиялық орналасуына қарамастан, бұл қауіптер бір-біріне ұқсас екенін айтты.
"Бүгінде әскери ведомстволар арасындағы өзара іс-әрекеттің нәтижесінде бұл қауіптердің қайдан шығатыны, олармен қалай күресу керек және оларды азайту үшін қандай шаралар қабылдау қажеттігі туралы толық өзара түсіністік бар. Сондықтан біз осында кездесіп отырмыз", - деді ол.
Хрениннің айтуынша, ҰҚШҰ қорғаныс министрлері болашақ жоспарлар туралы күні кеше ғана келісті.
Беларусь қорғаныс министрі ҰҚШҰ елдерінің ұйымның батыс шекараларындағы милитаризацияға реакциясы туралы айта келе, мұның "себебі бар" екенін мәлімдеді.
"Әрине, ҰҚШҰ бойынша серіктестер Батыста мұның себепсіз жасалып жатпағанын түсінеді. Ал бүгін Бас хатшының есебінде біз әскери тұрғыдан әскери әрекеттерге алдын ала дайындықты көріп отырғанымыз айтылды", - деді ол.
Министр Ресей мен Беларусь серіктестері "әрине, белгілі бір алаңдаушылық білдіріп жатқанын" және олардың "нақты түсіністігі мен ынтымақтастығы бар екенін" айтты.