АЛМАТЫ, 27 қараша – Sputnik. Қарағандының №3 көпсалалы ауруханасында алып ісікті алып тастау отасы сәтті аяқталды, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Науқастың ішінде көлемі 60 сантиметр киста анықталған.
"Науқасқа лапаротомия жасалып, жатыр мен оның қосалқысы толықтай алынды. Жаңа өскін басқа ағзаларға қатты қысым түсіргендіктен, шұғыл ота жасауды талап етті", - дейді ведомство.
Ота толық көлемде орындалып, хирургтер, анестезиологтар және медицина қызметкерлерінің кәсібилігінің арқасында сәтті аяқталды. Науқасқа дер кезінде мамандандырылған көмек көрсетіліп, қазіргі жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр.