Қырғызстанда Қасым-Жомарт Тоқаевтың кітабы таныстырылды

"Әке туралы ой-толғау" кітабы румын, араб, моңғол, түрік және қырғыз тілдеріне аударылды
Sputnik
АСТАНА, 26 қараша - Sputnik. Ош қаласында Қасым-Жомарт Тоқаевтың қырғыз тіліне аударылған "Әке туралы сөз" кітабының тұсаукесері болды, деп хабарлады мәдениет және ақпарат министрлігі.
Кітапты таныстырған мәдениет министрі Аида Балаева екі ел президенттерінің сенімді және достық қарым-қатынасы саяси және экономикалық ынтымақтастыққа ғана емес, мәдени-гуманитарлық байланыстарға да жаңа серпін беретінін айтты.
"Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қырғыз тіліндегі "Әке туралы ой-толғау" терең мазмұнды кітабының бүгінгі тұсаукесері — елдеріміздің әдеби байланыстарын сапалы жаңа деңгейге көтеретін маңызды қадам", - деді ол.
Қырғызстанда Қасым-Жомарт Тоқаевтың кітабы таныстырылды
Бұл кітап ғұмыры жиырмасыншы ғасырдың барлық ауыртпалығын арқалаған барша қазақтың тағдырымен астасып жат халқымыздың көрнекті жазушысы Кемел Тоқаев жайында.
Майдан жылдарының қасіреті, соғыстан кейінгі жаңару кезеңі, адамдық пен адалдық туралы түсінік – осының бәрі кітапта шынайы бейнеленеді.
"Бұл кітап қырғыз және қазақ халықтарының достығын нығайтуда зор маңызға ие. Қазақ тілінен қырғыз тіліне аударылып, қырғыз оқырмандарына ұсынылуы — екі ел арасындағы рухани байланыстың белгісі. Бұл – халықтарымыздың мәдени бірлігі мен бауырластығының айқын дәлелі", – деді Қырғызстанның мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрінің орынбасары Аскаралы Мадаминов.
Қырғызстанда Қасым-Жомарт Тоқаевтың кітабы таныстырылды
Тұсаукесерге жиналған көпшілікке президент кітабының желісі бойынша түсірілген "Бауыр" атты деректі фильм көрсетілді.
Айта кетейік, "Әке туралы ой-толғау" кітабы румын, араб, моңғол, түрік және қырғыз тілдеріне аударылды.
Қазақстан мен Қырғызстан Хан Тәңірі шыңында тау туризмін жандандырады