https://sputnik.kz/20251113/qazaqstan-men-qyrgyzstan-khan-taniri-shynynda-tau-turizmin-zhandandyrady-58747239.html
Қазақстан мен Қырғызстан Хан Тәңірі шыңында тау туризмін жандандырады
Қазақстан мен Қырғызстан Хан Тәңірі шыңында тау туризмін жандандырады
Sputnik Қазақстан
Тау туризмі – ынтымақтастықтың келешегі зор бағыттарының бірі 13.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-13T20:07+0500
2025-11-13T20:07+0500
2025-11-13T20:07+0500
олжас бектенов
қырғызстан
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/0d/58743484_0:3:1280:723_1920x0_80_0_0_bf90769a9f03edd809e3b3ae4c497166.jpg
АСТАНА, 13 қараша – Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов пен Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы Адылбек Касымалиев Астанада Үкіметаралық кеңестің 13-ші отырысын өткізді, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы осы жылдың 8 айында 21%-ға өсіп, $1,4 млрд-ты құрады.АӨК саласындағы өсудің жаңа бағыттары белгіленді. Биылғы 8 айда ауыл шаруашылығы өнімдерінің сауда көлемі 42%-ға өсіп, $326 млн-ды құрады, оның 80%-дан астамы – Қазақстаннан шығатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты.Тау туризмі – ынтымақтастықтың келешегі зор бағыттарының бірі. Екі ел аумағында орналасқан Хан Тәңірі шыңында тау туризмі бағыттарын жандандыру мәселелері талқыланды.Қазақстан мен Қырғызстан үкіметтері ынтымақтастықтың барлық негізгі бағыты бойынша екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі тереңдетуге ниетті екенін растады.Жиын соңында қазақ-қырғыз Үкіметаралық кеңесінің 13-ші отырысы хаттамасына қол қойылды.
қырғызстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/0d/58743484_156:0:1124:726_1920x0_80_0_0_14026e06233fe6f1f9aa7d15f4b64008.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
олжас бектенов, қырғызстан
олжас бектенов, қырғызстан
Қазақстан мен Қырғызстан Хан Тәңірі шыңында тау туризмін жандандырады
Тау туризмі – ынтымақтастықтың келешегі зор бағыттарының бірі
АСТАНА, 13 қараша – Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов пен Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы Адылбек Касымалиев Астанада Үкіметаралық кеңестің 13-ші отырысын өткізді, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы осы жылдың 8 айында 21%-ға өсіп, $1,4 млрд-ты құрады.
"Қырғызстан – біз үшін тату көрші, бауырлас ел ғана емес, сонымен қатар маңызды сауда-экономикалық серіктес мемлекет. Қазақстан үкіметі ортақ мүдделерімізге сай келетін мақсаттарға бірлесіп атсалысуға дайын", — деп атап өтті Олжас Бектенов.
АӨК саласындағы өсудің жаңа бағыттары белгіленді. Биылғы 8 айда ауыл шаруашылығы өнімдерінің сауда көлемі 42%-ға өсіп, $326 млн-ды құрады, оның 80%-дан астамы – Қазақстаннан шығатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты.
Тау туризмі – ынтымақтастықтың келешегі зор бағыттарының бірі. Екі ел аумағында орналасқан Хан Тәңірі шыңында тау туризмі бағыттарын жандандыру мәселелері талқыланды.
Қазақстан мен Қырғызстан үкіметтері ынтымақтастықтың барлық негізгі бағыты бойынша екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі тереңдетуге ниетті екенін растады.
Жиын соңында қазақ-қырғыз Үкіметаралық кеңесінің 13-ші отырысы хаттамасына қол қойылды.