Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Трамп Украинадағы қақтығысты қаржыландыруды тоқтатты

Sputnik
АСТАНА, 25 қараша - Sputnik. АҚШ Дональд Трамптың шешімімен Украинадағы қақтығысты қаржыландыруды тоқтатты, қару сатуды НАТО желісі бойынша жалғастыруда, деп хабарлады Ақ үйдің өкілі Каролин Левитт. Бұл туралы РИА новости жазды.
Трамп бұған дейін АҚШ бұдан былай Украинаны қаржыландырмайды, бірақ НАТО арқылы қару-жарақ жеткізгені үшін ақша алады деп бірнеше рет айтқан.
"Президент Трамп Украинаны қаржыландыруды тоқтатты, бірақ Америка Құрама Штаттары әлі де НАТО-ға қару – жарақ жібереді", - деді Левитт журналистерге.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп Украина мәселесін реттеуді соңына дейін жеткізуге ниетті - Келлог