Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Трамп Женевадағы келіссөзге қатысушылардың баяндамаларына қанағаттанды – Рубио

Sputnik
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Женевада өткен келіссөзде қол жеткізілген Украина мәселесін реттеу жөніндегі прогреске қанағаттанды, деп хабарлады АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио.
"Ол (Трамп — ред.) бұл жағдайды өте оң қабылдады", — деді Рубио Еуропа мен Киев өкілдері қатысқан Украина жөніндегі келіссөздер қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында.
Рубио Трамптың Киев билігі Вашингтонның күш-жігеріне алғыс білдірмегені туралы мәлімдемесінен кейін АҚШ президентімен байланысқа шыққанын да атап өтті.
"Бүгін ең жемісті күн болды. Мен президентпен сол мәлімдеме жарияланғаннан кейін сөйлестім және ол біздің қол жеткізілген прогресс туралы жасаған баяндамаларымызға қанағаттанды", — деді Рубио.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп Зеленскийге қандай айып тақты