Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Трамп Зеленскийге қандай айып тақты

© AP Photo / Evan VucciВстреча Дональда Трампа и Виктора Орбана
Встреча Дональда Трампа и Виктора Орбана  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.11.2025
Жазылу
АСТАНА, 22 қараша - Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Владимир Зеленский қолайсыз жағдайда бола тұра Украина бойынша жақсы келісімге келуге тырысып жатыр деп санайды. Бұл туралы РИА Новости Times британдық газетіне сілтеме жасай отырып хабарлады.
"Трамп Зеленский қолайсыз жағдайда бола тұра жақсы мәмілеге келу үшін айла жасауға тырысып жатыр деп санайды", - деп жазады басылым.
Басылымның атап өтуінше, Трамп Ресей президенті Владимир Путинде басымдықтар бар деп есептейді.
Ақ үй Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша келіссөздер жалғасып жатқанын және АҚШ президенті мақұлдаған жоспар бар екенін мәлімдеді. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков өз кезегінде Мәскеудің АҚШ жоспары туралы ресми ақпарат алмағанын жеткізді.
Дональд Трамп - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.11.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп Украинадағы қақтығыс жақын арада аяқталады деп санайды
Жаңалықтар
0