Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Трамп Украинадағы қақтығысты тоқтату бойынша келіссөзден не күтетінін айтты

Sputnik
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы қақтығысты тоқтату бойынша келіссөзден "жақсы нәрсе" күтетінін мәлімдеді.
"Ресей мен Украина арасындағы бейбіт келіссөзде шынымен де үлкен ілгерілеушілік болуы мүмкін бе??? Көзбен көрмейінше сенбеңіздер, бірақ бір жақсы нәрсе болып жатқан секілді", – деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде.
Бұған дейін АҚШ әкімшілігі Украина мәселесін реттеуге арналған жоспар әзірленіп жатқанын, бірақ жұмыс жалғасып жатқандықтан оның егжей-тегжейін әзірге жарияламайтынын айтқан.
Кремль Ресей келіссөзге ашық екенін және Анкоридждегі талқылау платформасы қолайлы деп санайтынын мәлімдеді.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп Украина мәселесін реттеуді соңына дейін жеткізуге ниетті - Келлог