Әлеуметтік желі арқылы деструктивті діни ағымды насихаттағандар ұсталды

Жыл басынан бері террористік және экстремистік әрекет үшін 83 адам ұсталып, 97 адам сотталған
Sputnik
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті деструктивті діни ағымдарды ұстанатындардың қамауға алынғанын хабарлады.
"Биыл қараша айында Алматы, Ақтөбе, Қонаев және Шымкент қалаларында терроризмді, соның ішінде әлеуметтік желіде насихаттады деген күдікпен деструктивті діни ағымдардың 6 жақтаушысын ұстады", - деп жазылған хабарламада.
Тергеудің болжамы бойынша, олар діни негізде шабуылдар мен кісі өлтіруге шақырулар таратқан, сонымен қатар зайырлы тәртіпке қарсы шыққан. Тінту барысында олардан атыс және суық қару, сондай-ақ көптеген діни әдебиеттер тәркіленді.
Сот санкциясымен аталған тұлғалар қамауға алынды.
Сонымен қатар, 3 қарашада осындай қылмысы үшін терроризмге шақыру материалдарын таратқан Ақтөбе облысының тұрғыны 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енді.
Комитет хабарлауынша, жыл басынан бері ҰҚК органдарының материалдары бойынша террористік және экстремистік әрекет үшін 83 адам ұсталып, 97 адам сотталған.
Шымкентте сотталған ер адам түрмеде отырып экстремистік әрекеттерге шақырған