Әлеуметтік желі арқылы деструктивті діни ағымды насихаттағандар ұсталды

© Photo : КНБ КазахстанаӘлеуметтік желі арқылы деструктивті діни ағымдарды насихаттағандар ұсталды
Әлеуметтік желі арқылы деструктивті діни ағымдарды насихаттағандар ұсталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.11.2025
Жазылу
Жыл басынан бері террористік және экстремистік әрекет үшін 83 адам ұсталып, 97 адам сотталған
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті деструктивті діни ағымдарды ұстанатындардың қамауға алынғанын хабарлады.
"Биыл қараша айында Алматы, Ақтөбе, Қонаев және Шымкент қалаларында терроризмді, соның ішінде әлеуметтік желіде насихаттады деген күдікпен деструктивті діни ағымдардың 6 жақтаушысын ұстады", - деп жазылған хабарламада.
Тергеудің болжамы бойынша, олар діни негізде шабуылдар мен кісі өлтіруге шақырулар таратқан, сонымен қатар зайырлы тәртіпке қарсы шыққан. Тінту барысында олардан атыс және суық қару, сондай-ақ көптеген діни әдебиеттер тәркіленді.
Сот санкциясымен аталған тұлғалар қамауға алынды.
Сонымен қатар, 3 қарашада осындай қылмысы үшін терроризмге шақыру материалдарын таратқан Ақтөбе облысының тұрғыны 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енді.
Комитет хабарлауынша, жыл басынан бері ҰҚК органдарының материалдары бойынша террористік және экстремистік әрекет үшін 83 адам ұсталып, 97 адам сотталған.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.08.2025
Шымкентте сотталған ер адам түрмеде отырып экстремистік әрекеттерге шақырған
Жаңалықтар
0