Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Қытай Украинадағы қақтығыстың барлық тарапымен ынтымақтасуға дайын

Sputnik
АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. Қытай Украинадағы қақтығыстың барлық тарапымен атысты тоқтату және дағдарысты саяси жолмен шешу мақсатында ынтымақтасуға дайын, деп мәлімдеді Қытайдың БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Фу Цун.
"Біз барлық тараппен өзара іс-қимылды жалғастыруға, халықаралық қауымдастықтың теңгерімділік, объективтілік және рационалдық дауысын күшейтуге, сондай-ақ атысты тезірек тоқтатуға және дағдарыстың саяси жолмен шешілуіне қол жеткізуге конструктивті үлес қосуға дайынбыз", – деді ол БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Украинаға қатысты отырысында.
Ресей мен Украина Ыстанбұлда тікелей келіссөздің үш раундын өткізді. Оның нәтижесінде тараптар тұтқын алмасты. Сонымен қатар Ресей әскери қызметкерлердің денесін Киевке тапсырды. Тараптар сондай-ақ қақтығысты реттеу бойынша меморандум жобаларын алмасқан.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Рубио Украинадағы қақтығысты тоқтатуға қатысты мәлімдеме жасады