https://sputnik.kz/20251120/rubio-ukrainadagy-qaqtygysty-toqtatuga-qatysty-malimdeme-zhasady-58929719.html
Рубио Украинадағы қақтығысты тоқтатуға қатысты мәлімдеме жасады
Рубио Украинадағы қақтығысты тоқтатуға қатысты мәлімдеме жасады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 20 қараша –Sputnik. АҚШ Украинадағы қақтығысты тоқтату үшін ықтимал идеялардың тізімін әзірлеуді жалғастырып жатыр, деп мәлімдеді АҚШ мемлекеттік... 20.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-20T14:01+0500
2025-11-20T14:01+0500
2025-11-20T14:01+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/06/58490207_0:49:3020:1748_1920x0_80_0_0_3b567031d636aa080b67b18c8e8ef37e.jpg
АСТАНА, 20 қараша –Sputnik. АҚШ Украинадағы қақтығысты тоқтату үшін ықтимал идеялардың тізімін әзірлеуді жалғастырып жатыр, деп мәлімдеді АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио.Оның айтуынша қақтығысты тоқтату үшін маңызды әрі шынайы ұсыныстарды кең ауқымда алмасу қажет.Америкалық Axios порталы бұған дейін АҚШ Украинадағы қақтығысты шешудің жаңа жоспарын әзірлеу үшін Ресеймен "құпия кеңестер" жүргізіп жатқанын жазған болатын. Басылым журналистері ресейлік және америкалық дереккөздерге сілтеме жасаған. Киев пен оның еуропалық одақтастарының бұл жоспарға деген көзқарасы әзірге белгісіз.Сәрсенбі күні Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей мен АҚШ-тың Аляскада Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеуді талқылағанын, содан бері бұл тақырып бойынша "ешқандай жаңалық болмағанын" айтты.Ресей мен Украина Ыстанбұлда тікелей келіссөздің үш раундын өткізді. Оның нәтижесінде тараптар тұтқын алмасты. Сонымен қатар Ресей әскери қызметкерлердің денесін Киевке тапсырды. Тараптар сондай-ақ қақтығысты реттеу бойынша меморандум жобаларын алмасқан.
https://sputnik.kz/20251120/eo-syrtqy-ister-ministrleri-bryusselde-ukraina-maselesin-talqylaydy-58922636.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/06/58490207_365:0:3001:1977_1920x0_80_0_0_fdb119ba95ba9f750c000e12b9710b67.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Рубио Украинадағы қақтығысты тоқтатуға қатысты мәлімдеме жасады
АСТАНА, 20 қараша –Sputnik. АҚШ Украинадағы қақтығысты тоқтату үшін ықтимал идеялардың тізімін әзірлеуді жалғастырып жатыр, деп мәлімдеді АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио.
"Біз бұл соғысты тоқтату үшін екі тараптың ұсыныстарына негізделген ықтимал идеялардың тізімін әзірлеуді жалғастырып жатырмыз", — деп жазды Рубио X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Оның айтуынша қақтығысты тоқтату үшін маңызды әрі шынайы ұсыныстарды кең ауқымда алмасу қажет.
Америкалық Axios порталы бұған дейін АҚШ Украинадағы қақтығысты шешудің жаңа жоспарын әзірлеу үшін Ресеймен "құпия кеңестер" жүргізіп жатқанын жазған болатын. Басылым журналистері ресейлік және америкалық дереккөздерге сілтеме жасаған. Киев пен оның еуропалық одақтастарының бұл жоспарға деген көзқарасы әзірге белгісіз.
Сәрсенбі күні Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей мен АҚШ-тың Аляскада Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеуді талқылағанын, содан бері бұл тақырып бойынша "ешқандай жаңалық болмағанын" айтты.
Ресей мен Украина Ыстанбұлда тікелей келіссөздің үш раундын өткізді. Оның нәтижесінде тараптар тұтқын алмасты. Сонымен қатар Ресей әскери қызметкерлердің денесін Киевке тапсырды. Тараптар сондай-ақ қақтығысты реттеу бойынша меморандум жобаларын алмасқан.