Армения мен Әзербайжандағы бейбітшілік Алматы декларациясына негізделген – Пашинян

Пашинян Қазақстан Армения үшін өте маңызды ел екенін ерекше атап өтті
Sputnik
АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. Армения мен Әзербайжандағы бейбітшіліктің Алматы декларациясына негізделетіні баршаға мәлім. Бұл туралы Армения премьер-министрі Никол Пашинян Ақордада Тоқаевпен өткізген келіссөздерден кейін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бірлескен брифингте Пашинян Қазақстан Армения үшін өте маңызды ел екенін ерекше атап өтті.
"Өйткені сын сәтінде Армения мен Әзербайжанның сыртқы істер министрлері Алматыда кездесті. Бұл біз үшін өте маңызды болатын. Армения мен Әзербайжандағы бейбітшіліктің Алматы декларациясына негізделетіні баршаға мәлім. Оның саяси және символдық мәні зор. Осы ресми сапарымның нәтижесінде Армения мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілгеніне қуаныштымын" – деді Пашинян.
Ал Қасым-Жомарт Тоқаев Армения мен Әзербайжанның бейбітшілік жолындағы ортақ ұмтылысын толық қолдайтынын жеткізді.
Тоқаев Армения премьер-министрімен қандай келісімге келгенін айтты