Ақтөбе облысында жоғалған ерлі-зайыпты өлі күйінде табылды

Бір күн бұрын желіде олардың жоғалғаны туралы ақпарат тараған болатын
Sputnik
АСТАНА, 21 қараша - Sputnik. Ақтөбе облысында жоғалған ерлі-зайыпты өлі күйінде табылды.
Бір күн бұрын желіде олардың жоғалғаны туралы ақпарат тараған болатын. Кейіннен ер адаммен оның келіншегі де қайтыс болғаны белгілі болды.
Полиция департаменті Sputnik Қазақстан тілшісіне олардың қайтыс болғаны туралы ақпаратты растады.

"Қала сыртында зорлық-зомбылық белгілері бар 39 жастағы әйелдің денесі табылды. Артынша полиция күйеуінің денесін асылып тұрған күйінде тапты", - дейді департаменттегілер.

Алдын ала болжам бойынша ер адам әйелін өлтіріп, артынан өзіне қол жұмсаған.
Желіде тараған ақпаратқа сәйкес ерлі-зайыптының артында 5 баласы қалды.
"Қорқытқым келді": бұрынғы әйелін 9 рет пышақтаған ер адамға сот үкімі шықты