АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов әлеуметтік алаяқтықпен айналысатындарға ескерту жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде бюджеттің 60 проценті халықты әлеуметтік қолдау шараларына жұмсалады. үкімет осы көрсеткішті біртіндеп төмендетуге мүдделі.
"Иә, бұл бәріне бірдей ұнамауы мүмкін. Бірақ үкімет осы саясатты жалғастыра береді. Мемлекеттен әлеуметтік көмекті тек объективті себептерге байланысты жұмыс істей алмайтын және өзін-өзі асыра алмайтын азаматтар алатын болады. Ал жұмыс істей алатындар еңбек етуге міндетті. Мемлекет оны асырауға міндетті емес, асырамайды да. Біз осы жұмысты ары қарай жалғастыра береміз",-деді Бектенов сенаттың бүгінгі отырысында.
Ресми мәліметке сәйкес, былтыр автоматтандыру және әлеуметтік алаяқтыққа қарсы күрестің нәтижесінде мемлекеттік бюджетке 299 млрд теңге қайтарылды.