Түркістан облысындағы өрттен аман қалған үш адамның бірі тікұшақпен Шымкентке жеткізілді

Экипаж санитарлық рейсті сәтті орындады
Sputnik
АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Түркістан облысында өрттен зардап шеккен ер адам Шымкентке жеткізілді
Жетісай ауданында шұғыл көмек көрсету үшін қажетті арнайы жабдық жеткіліксіз болғандықтан тасымалдау қажет болды, дейді облыстық ТЖД.
"Тікұшақ экипажы Түркістан облысының Жетісай ауданынан медициналық ұшуды орындап, 1986 жылы туған ер адамды Шымкентке жеткізді", - деп хабарлады департаменттегілер.
Экипаж санитарлық рейсті сәтті орындады.
Тікұшақ жерге қонған соң 39 жастағы ер адам дәрігерлер бақылауына тапсырылды.
Түркістан облысында өрттен 12 адам көз жұмды: ТЖМ апаттың ықтимал себебін айтты