Түркістан облысында өрттен 12 адам көз жұмды: ТЖМ апаттың ықтимал себебін айтты

© Photo : акимат Туркестанской областиТүркістан облысындағы өрт
Түркістан облысындағы өрт - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.11.2025
Жазылу
12 адамның, оның ішінде тоғыз баланың өмірін қиған қайғылы оқиғаны тергеу жалғасып жатыр
АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрлігі Түркістан облысындағы Алғабас ауылындағы өрттің алдын ала себебін жариялады.
"Қазіргі таңда өрттің нақты себебі анықталып жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша өрттің шығуына ақауы бар электр ұзартқыш себеп болуы мүмкін екені жоққа шығарылмайды", - делінген мәлімдемеде.
Министрліктің хабарлауынша, барлық ведомство мамандары жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Еске сала кетейік, кеше сағат 05.36-да Түркістан облысы Жетісай ауданының Алғабас ауылында жеке тұрғын үйден өрт шықты. Екі қабатты үй толығымен өртке оранып, шатыры ішінара опырылған. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің күш-құралдары дереу жіберілді, өрт сағат 07.22-де сөнірілді.
Өкінішке қарай, өрт орнында 12 адам қаза тапты, олардың 9-ы бала. 3 адам зардап шекті, олар қазір Жетісай аудандық орталық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.
Өрт сөндірушілер - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.11.2025
Түркістан облысындағы қайғылы оқиға: бір отбасынан үш адам тірі қалды
Жаңалықтар
0