Астана тұрғыны көз алдында ойнап жүрген ұлын жоғалтып алды

Камера жазбаларынан баланың подъездердің біріне кіргені анықталды
Sputnik
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Астанада полицейлер жоғалған 5 жастағы баланы іздеп тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияға Сарыарқа ауданында 5 жастағы баланың жоғалғаны туралы хабарлама түскен.
"Әкесі баласымен аулада серуендеп жүріп, бір сәтке назарын басқа жаққа бұрған кезде ұлын жоғалтып алған. Өз бетімен іздеп таба алмаған соң, дереу полицияға жүгінген", - деп жазылған хабарламада.
Оқиға орнына жеткен полицейлер іздестіру жұмыстарын бастады. Ювеналдық полиция, учаскелік инспекторлар, патрульдік жасақтар мен жедел уәкілдер аумақты тексеріп, бақылау камераларын қарап шықты.
Камера жазбаларынан баланың алдымен аулада жүргені, кейін подъездердің біріне кіргені анықталды. Осылайша бала аман-есен табылып, әкесіне тапсырылды.
Семейде жоғалып кеткен бала орманнан табылды