Семейде жоғалып кеткен бала орманнан табылды

Орман - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.06.2025
Жазылу
Баланы іздеу жұмыстарына жалпы саны 1000-нан астам адам жұмылдырылды
АСТАНА, 22 маусым – Sputnik. Семей қаласында жоғалып кеткен 7 жастағы бала орманнан табылды.
2025 жылдың 21 маусымында "102" жедел арнасына 2018 жылы туған Аманғали Бекболаттың хабар-ошарсыз кеткені туралы хабарлама түскен.
"Дамуында ерекшелігі бар бала кешкі сағат 18:15 шамасында бала үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған", - деп жазылған хабарламада.
Баланы іздеу жұмыстарына волонтерлер, қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті тұрғындар белсенді қатысты. Іздеу жұмыстарына полиция қызметкерлерімен бірге арнайы мақсаттағы ЖҚАЖ бөлімшесінің жауынгерлері және Ұлттық ұланның әскери қызметшілері де жұмылдырылған. Жалпы іздеу шараларына 1000-нан астам адам тартылған.
Таң ата жоғалған бала үйінен шамамен 10 шақырым қашықтықтағы орманнан табылды. Оны Затон полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары тапты.
Шығыс Қазақстанда орманда жоғалған қарт әйел екі күннен кейін табылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2025
Шығыс Қазақстанда орманда жоғалған қарт әйел екі күннен кейін табылды
Жаңалықтар
0