АЛМАТЫ, 17 қараша – Sputnik. Ақмола облысында ер адам өз үйінің ауласында үсіп өлді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Полицияның айтуынша, оқиға Біржан сал ауданындағы Бұланды ауылында 13 қарашада түнгі уақытта болған.
"Оқиға болған жерді тексеру кезінде зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ. Марқұм осы Бұланды ауылының 55 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол жалғыз тұрып, өз үйінің ауласында көз жұмған. Сарапшының қорытындысына сәйкес ер адам үсіп қалған", - дейді Ақмола облыстық полиция департаменті.
Қазіргі уақытта аталған факт бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр, оқиғаның мән-жайы анықталғаннан кейін түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады.
Полицейлер өңір тұрғындарына күз-қыс мезгілінде үсіп қалу қаупі төнетінін ескертті. Құқық қорғаушылар суық ауа райында, әсіресе түнгі уақытта далада болғанда ерекше сақтық танытуды ұсынады. Сондай-ақ жол жүрер алдында алдында алкогольдік ішімдік ішуге болмайды, ал үсудің алғашқы белгілері байқалғанда жылы жерге кіру қажет.