Спорт

Сурдлимпиада-2025: қазақстандық спортшылар 2 алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық спортшылар жарысты 4 медальмен бастады
Sputnik
АСТАНА, 16 қараша – Sputnik. Сурдлимпиада ойындары басталған күні қазақстандық спортшылар 2 алтын және 2 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Хамзе Ғұлама
Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының мәліметінше, алдымен дзюдошы Хамзе Ғұлама (66 келі) финалда алжирлік Бухидель Абдеррахманды иппонмен жеңіп, алтыннан алқа тақты.
Шадияр Қуандық Сурдлимпиада чемпионы атанды
Шадияр Қуандық (73 келі) та ақтық сында Оңтүстік Корея спортшысы Хванг Хёндіде иппонмен жеңіп, Сурдлимпиада чемпионы атанды.
Ал Алтынбек Кәкітаев (60 келі) пен Айым Жетпісбаева (48 келі) жұбаныш белдесулерге шығып, қола жүлдені иеленді.
Бүгін бадминтоншылар да жарыс жолына шыққан. Бірақ қарсыластарына жол беріп қойды.
Айта кетері, XXV жазғы Сурдлимпиада ойындары Токио қаласында 15-26 қараша аралығында өтеді. Есту қабілеті зақымданған спортшылар арасындағы дүбірлі додаға 81 елден 3000-ға жуық спортшы келді. Олар 21 спорт түрінен жарысқа түседі. 78 спортшыдан құралған Қазақстан құрамасы 8 спорт түрінен бақ сынайды.
Спорт
Токиода XXV жазғы Сурдлимпиада басталды