https://sputnik.kz/20251116/surdlimpiada-2025-qazaqstandyq-sportshylar-2-altyn-medal-zhenip-aldy-58822984.html
Сурдлимпиада-2025: қазақстандық спортшылар 2 алтын медаль жеңіп алды
Сурдлимпиада-2025: қазақстандық спортшылар 2 алтын медаль жеңіп алды
Sputnik Қазақстан
Қазақстандық спортшылар жарысты 4 медальмен бастады 16.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-16T17:55+0500
2025-11-16T17:55+0500
2025-11-16T17:55+0500
спорт
қазақстан
спортшы
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/10/58823165_0:63:1200:738_1920x0_80_0_0_f13a828b09f9e821297cd88811d71c2c.jpg
АСТАНА, 16 қараша – Sputnik. Сурдлимпиада ойындары басталған күні қазақстандық спортшылар 2 алтын және 2 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының мәліметінше, алдымен дзюдошы Хамзе Ғұлама (66 келі) финалда алжирлік Бухидель Абдеррахманды иппонмен жеңіп, алтыннан алқа тақты.Шадияр Қуандық (73 келі) та ақтық сында Оңтүстік Корея спортшысы Хванг Хёндіде иппонмен жеңіп, Сурдлимпиада чемпионы атанды. Ал Алтынбек Кәкітаев (60 келі) пен Айым Жетпісбаева (48 келі) жұбаныш белдесулерге шығып, қола жүлдені иеленді.Бүгін бадминтоншылар да жарыс жолына шыққан. Бірақ қарсыластарына жол беріп қойды.Айта кетері, XXV жазғы Сурдлимпиада ойындары Токио қаласында 15-26 қараша аралығында өтеді. Есту қабілеті зақымданған спортшылар арасындағы дүбірлі додаға 81 елден 3000-ға жуық спортшы келді. Олар 21 спорт түрінен жарысқа түседі. 78 спортшыдан құралған Қазақстан құрамасы 8 спорт түрінен бақ сынайды.
https://sputnik.kz/20251116/tokioda-xxv-zhazgy-surdlimpiada-bastaldy-58817307.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/10/58823165_67:0:1134:800_1920x0_80_0_0_8b8f96f655c5d31bd3131210334f6a94.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, спортшы
Сурдлимпиада-2025: қазақстандық спортшылар 2 алтын медаль жеңіп алды
Қазақстандық спортшылар жарысты 4 медальмен бастады
АСТАНА, 16 қараша – Sputnik. Сурдлимпиада ойындары басталған күні қазақстандық спортшылар 2 алтын және 2 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының мәліметінше, алдымен дзюдошы Хамзе Ғұлама (66 келі) финалда алжирлік Бухидель Абдеррахманды иппонмен жеңіп, алтыннан алқа тақты.
Шадияр Қуандық (73 келі) та ақтық сында Оңтүстік Корея спортшысы Хванг Хёндіде иппонмен жеңіп, Сурдлимпиада чемпионы атанды.
Ал Алтынбек Кәкітаев (60 келі) пен Айым Жетпісбаева (48 келі) жұбаныш белдесулерге шығып, қола жүлдені иеленді.
Бүгін бадминтоншылар да жарыс жолына шыққан. Бірақ қарсыластарына жол беріп қойды.
Айта кетері, XXV жазғы Сурдлимпиада ойындары Токио қаласында 15-26 қараша аралығында өтеді. Есту қабілеті зақымданған спортшылар арасындағы дүбірлі додаға 81 елден 3000-ға жуық спортшы келді. Олар 21 спорт түрінен жарысқа түседі. 78 спортшыдан құралған Қазақстан құрамасы 8 спорт түрінен бақ сынайды.