"Air Astana" кейбір рейстердің кешігетінін хабарлады

Airbus өндірушісі әуе кемелеріне бағыттың көріну деңгейі 150 метрден төмен болатын және қатты тоңазыған тұман түскен жағдайда ұшуға шектеу енгізді
Sputnik
АСТАНА, 15 қараша – Sputnik. Air Astana әуе компаниясы рейстердің кешігетіні жөнінде хабарлады.
Air Astana метеорологиялық жағдайларға байланысты Airbus NEO әуе кемелерінде орындалатын рейстердің кешігетіні туралы хабарлайды.

"Airbus өндірушісі A320neo, A321neo және A321LR үлгісіндегі әуе кемелеріне бағыттың көріну деңгейі 150 метрден төмен болатын және қатты тоңазыған тұман түскен жағдайда ұшуға шектеу енгізді", - деп жазылған хабарламада.

Компания мәліметінше, мұндай ауа райы құбылыстары қыс мезгілінде Алматы халықаралық әуежайында жиі байқалады.
Әуе компаниясы қауіпсіздік басты басымдық екенін еске салып, рейстер жөнінде ақпаратты компанияның ресми сайтынан немесе мобильді қосымшасынан алдын ала тексеруді ескертті.
Air Astana қажылыққа баратындар үшін қосымша рейстерді іске қосады