"Air Astana" кейбір рейстердің кешігетінін хабарлады

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуАрхивное фото самолетов Airbus A320 авиакомпании Air Astana (на первом плане)
Архивное фото самолетов Airbus A320 авиакомпании Air Astana (на первом плане)  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.11.2025
Жазылу
Airbus өндірушісі әуе кемелеріне бағыттың көріну деңгейі 150 метрден төмен болатын және қатты тоңазыған тұман түскен жағдайда ұшуға шектеу енгізді
АСТАНА, 15 қараша – Sputnik. Air Astana әуе компаниясы рейстердің кешігетіні жөнінде хабарлады.
Air Astana метеорологиялық жағдайларға байланысты Airbus NEO әуе кемелерінде орындалатын рейстердің кешігетіні туралы хабарлайды.

"Airbus өндірушісі A320neo, A321neo және A321LR үлгісіндегі әуе кемелеріне бағыттың көріну деңгейі 150 метрден төмен болатын және қатты тоңазыған тұман түскен жағдайда ұшуға шектеу енгізді", - деп жазылған хабарламада.

Компания мәліметінше, мұндай ауа райы құбылыстары қыс мезгілінде Алматы халықаралық әуежайында жиі байқалады.
Әуе компаниясы қауіпсіздік басты басымдық екенін еске салып, рейстер жөнінде ақпаратты компанияның ресми сайтынан немесе мобильді қосымшасынан алдын ала тексеруді ескертті.
Air Astana ұшағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.10.2025
Air Astana қажылыққа баратындар үшін қосымша рейстерді іске қосады
Жаңалықтар
0