АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Алматы облыстық полиция департаменті Ұйғыр ауданында 12 адам жауапкершілікке тартылғанын хабарлады.
Бір топ адам рұқсатсыз жиын өткізіп, шет мемлекеттің туы мен көшбасшының бейнесін өртеген. Полиция нақты қай мемлекет екені жөнінде ақпарат берген жоқ.
"Сот отырысынан кейін 12 адамға Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы бойынша айып тағылып, 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, тағы алты қатысушыға 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды", - деп хабарлады департаменттегілер.
"Алауыздықты қоздыру" бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады облыстық полиция өкілдері.
Олар сонымен қатар мемлекеттік рәміздерге қол сұғушылықтың кез келген әрекеті, сондай-ақ алауыздық тудыруға және қоғамдық қауіпсіздікті бұзуға бағытталған әрекеттер заңды өрескел бұзу болып табылатынын еске салды.
Мұндай әрекеттердің барлығының жолы кесіледі, деп хабарлады департаменттегілер.