https://sputnik.kz/20251114/almaty-oblysynda-tudy-ortegeni-ushin-12-adam-qamauga-alyndy-58770575.html
Алматы облысында туды өртегені үшін 12 адам қамауға алынды
Алматы облысында туды өртегені үшін 12 адам қамауға алынды
Sputnik Қазақстан
Полиция қылмыстық іс қозғады 14.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-14T14:23+0500
2025-11-14T14:23+0500
2025-11-14T14:25+0500
полиция
митинг
жазалау
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:125:1201:800_1920x0_80_0_0_4e603bb753a4668d5fe23d1c8b5be3d8.jpg
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Алматы облыстық полиция департаменті Ұйғыр ауданында 12 адам жауапкершілікке тартылғанын хабарлады.Бір топ адам рұқсатсыз жиын өткізіп, шет мемлекеттің туы мен көшбасшының бейнесін өртеген. Полиция нақты қай мемлекет екені жөнінде ақпарат берген жоқ."Алауыздықты қоздыру" бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады облыстық полиция өкілдері.Олар сонымен қатар мемлекеттік рәміздерге қол сұғушылықтың кез келген әрекеті, сондай-ақ алауыздық тудыруға және қоғамдық қауіпсіздікті бұзуға бағытталған әрекеттер заңды өрескел бұзу болып табылатынын еске салды.Мұндай әрекеттердің барлығының жолы кесіледі, деп хабарлады департаменттегілер.
https://sputnik.kz/20251110/almatyda-13-zhastagy-qyzga-aqsha-usyngan-er-adam-qamauga-alyndy-58619903.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:0:1067:800_1920x0_80_0_0_6126eb18119694686f95d89e748fc25a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
полиция, митинг, жазалау
Алматы облысында туды өртегені үшін 12 адам қамауға алынды
14:23 14.11.2025 (жаңартылды: 14:25 14.11.2025) Полиция қылмыстық іс қозғады
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Алматы облыстық полиция департаменті Ұйғыр ауданында 12 адам жауапкершілікке тартылғанын хабарлады.
Бір топ адам рұқсатсыз жиын өткізіп, шет мемлекеттің туы мен көшбасшының бейнесін өртеген. Полиция нақты қай мемлекет екені жөнінде ақпарат берген жоқ.
"Сот отырысынан кейін 12 адамға Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы бойынша айып тағылып, 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, тағы алты қатысушыға 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды", - деп хабарлады департаменттегілер.
"Алауыздықты қоздыру" бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады облыстық полиция өкілдері.
Олар сонымен қатар мемлекеттік рәміздерге қол сұғушылықтың кез келген әрекеті, сондай-ақ алауыздық тудыруға және қоғамдық қауіпсіздікті бұзуға бағытталған әрекеттер заңды өрескел бұзу болып табылатынын еске салды.
Мұндай әрекеттердің барлығының жолы кесіледі, деп хабарлады департаменттегілер.