Астана мен Бурабай арасында әуе рейсін ашу жоспарланып отыр

Sputnik
АСТАНА, 13 қараша – Sputnik. Астана мен Бурабай арасында әуе рейсін ашу жоспарланып отыр, деп хабарлады Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов брифинг барысында.
"Астанамен тікелей байланыс орнату үшін шағын әуежай ашу мүмкіндігі қарастырылып жатыр", - деді Ахметжанов.
Ол бұл мәселе курорттық аймақтың 2029 жылға дейінгі даму жоспарына енгізілгенін атап өтті.
Астанадан Бурабайға дейін көлікпен бару үш сағатқа жуық уақытты алады, ал пойызбен үш сағаттан астам жол жүруге тура келеді.
6 жылдық үзіліс: Петропавлдан Шарм-эль-Шейхке қатынайтын рейс іске қосылды