https://sputnik.kz/20250702/6-zhyldyq-uzilis-petropavldan-sharm-el-sheykhke-qatynaytyn-reys-qayta-iske-qosyldy-55311622.html
6 жылдық үзіліс: Петропавлдан Шарм-эль-Шейхке қатынайтын рейс іске қосылды
6 жылдық үзіліс: Петропавлдан Шарм-эль-Шейхке қатынайтын рейс іске қосылды
Sputnik Қазақстан
Рейстер әр 10 күн сайын Boeing 737 ұшағымен орындалады 02.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-02T17:12+0500
2025-07-02T17:12+0500
2025-07-02T17:23+0500
петропавл
әуежай
https://sputnik.kz/img/07e9/07/02/55311462_23:0:1259:695_1920x0_80_0_0_8feb1a6a092aba713e61facb09d5a963.jpg
АСТАНА, 2 шілде – Sputnik. Петропавл әуежайында алты жылдық үзілістен кейін халықаралық рейстер қайта іске қосылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Orbis Kazakhstan" компаниясына сілтеме жасап.Бүгіннен бастап SCAT әуе компаниясы "Петропавл – Шарм-эль-Шейх" бағыты бойынша чартерлік әуе қатынасын іске қосты. Рейстер әр 10 күн сайын Boeing 737 ұшағымен орындалады.Халықаралық рейсті ұйымдастыру үшін ауқымды дайындық жұмыстары жүргізілді. Әуежайдың инфрақұрылымы реттеліп, шекара қызметі және кедендік бақылау үшін қажетті орындар мен жабдықтар орнатылды.Еске салайық, Петропавл әуежайынан халықаралық ұшулар соңғы рет 2019 жылы орындалған болатын.Петропавл халықаралық әуежайы "Қызыл-Жар халықаралық әуежайы" ЖШС-нің сенімгерлік басқаруында. Сенімгерлік басқару шарты 2022 жылы бес жыл мерзімге жасалған. "Қызыл-Жар халықаралық әуежайы" компаниясын сенімгерлік тұлға арқылы Orbis Kazakhstan тобы басқарады.
https://sputnik.kz/20250701/shankhay--almaty-bagytyndagy-zhana-reys-osy-aptada-iske-qosylady-55258592.html
петропавл
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/02/55311462_177:0:1104:695_1920x0_80_0_0_4d09a57e934aa00d8cd7ce941611fabb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
петропавл, әуежай
6 жылдық үзіліс: Петропавлдан Шарм-эль-Шейхке қатынайтын рейс іске қосылды
17:12 02.07.2025 (жаңартылды: 17:23 02.07.2025) Рейстер әр 10 күн сайын Boeing 737 ұшағымен орындалады
АСТАНА, 2 шілде – Sputnik. Петропавл әуежайында алты жылдық үзілістен кейін халықаралық рейстер қайта іске қосылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан
"Orbis Kazakhstan" компаниясына сілтеме жасап.
Бүгіннен бастап SCAT әуе компаниясы "Петропавл – Шарм-эль-Шейх" бағыты бойынша чартерлік әуе қатынасын іске қосты. Рейстер әр 10 күн сайын Boeing 737 ұшағымен орындалады.
Халықаралық рейсті ұйымдастыру үшін ауқымды дайындық жұмыстары жүргізілді. Әуежайдың инфрақұрылымы реттеліп, шекара қызметі және кедендік бақылау үшін қажетті орындар мен жабдықтар орнатылды.
"Халықаралық қатынастың қайта жандануы – бұл әуежай ғана емес, бүкіл өңір мен СҚО тұрғындары үшін де маңызды оқиға. Енді тұрғындарға демалысқа аттану үшін өзге облыстар мен әуежайларға барудың қажеті жоқ", – дейді әуежайдың атқарушы директоры Мустафа Йылтан Октем.
Еске салайық, Петропавл әуежайынан халықаралық ұшулар соңғы рет 2019 жылы орындалған болатын.
Петропавл халықаралық әуежайы "Қызыл-Жар халықаралық әуежайы" ЖШС-нің сенімгерлік басқаруында. Сенімгерлік басқару шарты 2022 жылы бес жыл мерзімге жасалған. "Қызыл-Жар халықаралық әуежайы" компаниясын сенімгерлік тұлға арқылы Orbis Kazakhstan тобы басқарады.